Ресейде жасалған қылмысқа қатысы бар 11 автомашина БҚО-дан табылды

Батыс Қазақстан облысында қылмыстық іздестіруге қойылған 11 ресейлік автокөлік табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрнекі сурет

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ресейлік полицейлер берген деректер бойынша Ресейден Қазақстанға әкетілген 606 автокөліктің қылмыстық оқиғаларға қатысы бар болып шықты.

Соның 48-і Батыс Қазақстан облысында жүр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мұндай көліктерді анықтау үстінде.

«Күні бүгінге дейін табылған 11 автокөліктің қайда жүргені және иелері туралы ресейлік іздестірушілер тарапына мәлімет берілді. Аталған көліктер айып тұрағына қойылды. Ресейлік автокөлікті алар кезде сатып алушылар ҚР ІІМ базасы бойынша тексеру үшін алдымен БҚО полиция департаментіне хабарласуы керек» деп хабарлады ведомстводан.

Департамент мәліметіне қарағанда, биылғы он ай ішінде өңірде 243 жол-көлік оқиғасы салдарынан 84 адам қаза тауып, 357-сі түрлі жарақат алды.

Соның ішінде шетелдік автокөліктердің қатысуымен 89 жол апаты болып, 32 адам көз жұмып, 122-сі жарақат алды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.99 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с