Қазақстанда шетелдік тіркеуі бар автокөлік иелері үшін call-орталықтар ашылды
ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде шетелдік тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясында көлігін тіркеуді есепке алу деректері бойынша тексеру әдістері туралы мәселелердің өзектілігіне байланысты азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылды, олар бойынша жүргізушілер өздерін қызықтыратын ақпаратты алу үшін полицияға жүгіне алады, деп жазады ҚР ІІМ ресми сайты.
Call-орталықтардың телефондары 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырауларды қабылдайды.
Ресейлік есепке ала отырып, автокөлік мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ҚР ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін бүкіл ел бойынша call-орталықтар ашты, – делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.