«Залдың үштен бірі бетпердесіз отырды»: БҚО әкімі жаңа МҮ директорын жазалауды тапсырды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев КВИ таратпау жөніндегі жедел штаб отырысы кезінде мемлекеттік органдардың кейбір басшыларының карантин шараларының сақталуына деген көзқарасын сынға алды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
«Атамекен» Мәдениет сарайының ашылуында залдың үштен бірі бетпердесіз отырды. Мекеме директорын жазалау керек», – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, санитарлық дәрігерлер оларға бұл туралы ешқандай құжаттар түспегенін хабарлады. Шенеунікті тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.
Сондай-ақ, отырыс барысында мемлекеттік мекемелерге «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар өтіп жатқаны анықталды. Бұзушылықтар Ashyq қосымшасының көмегімен анықталды.
«Мұндай мемлекеттік мекемелердің басшыларын жазалау керек. Сауда орталықтары мен тамақтану орындарына да қатысты. Тек қараша айында басқаларға жұқтыруы мүмкін «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 24 адам тіркелді. Тағы да еске салғым келеді, егер мемлекеттік ұйымдарда немесе жеке кәсіпорындарда жұмыскерлердің 60 пайыздан азы егілсе, адамдарды «қашықтан жұмысқа» жібере алады немесе кәсіпорындарды толығымен жаба алады», – деді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ, оперштаб отырысында 60 жастан асқан адамдарды вакцинациялау деңгейін арттыру тапсырылды. Қазір БҚО-да осы мақсатта мобильді бригада құрылған. 5 мыңнан астам қарт адам егілді.