БҚО-да автобустарда жол жүру ақысын «қолма-қол ақшамен» 150 теңгемен төлеу кейінге шегерілді
ҚР Әділет министрлігі БҚО бойынша қоғамдық көлікте жүруге сараланған тарифті бекіту туралы облыс мәслихаты қаулысының жобасын тіркеуден бас тартты. Батысқазақстандықтар автобустарда жүру үшін қолма-қол ақшамен де, көлік картасы мен Avtobys қосымшасы бойынша да әзірге 80 теңгеден төлейтін болады.

Орал қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев қазір Орал қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүруге арналған бірыңғай тариф – 80 теңге қолданылатынын түсіндірді. Сонымен қатар, автобустарда қолма-қол ақшамен де, Avtobys қосымшасының көмегімен де төлеуге болады. Кондукторлар өз сапарын автобуспен қолма – қол төлейтін болса, оралдықтардан 150 теңге ақы талап етуге құқығы жоқ.
— Облыс мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүруге сараланған тариф енгізу туралы біздің ұсынысымызды қолдады: көлік картасы немесе Avtobys қосымшасы бойынша жол жүру үшін – 80 теңге және қолма – қол есеп айырысу үшін-150 теңге. Депутаттар тариф бойынша Қаулы жобасын қабылдап, оны Әділет министрлігіне тіркеуге жіберді. Бірақ әзірге бас тартты, — дейді Дүйсенғалиев. — Қазір біз Әділет министрлігіне сараланған тарифті енгізу негіздемесімен құжаттаманы қайта дайындаудамыз. Әзірге облыс бойынша автобустарда жол жүру бағасы өзгеріссіз қалады – 80 теңге. Қай уақытқа дейін, әлі айта алмаймын. Бірақ Министрлікте дифтарифке «рұхсат» алған кезде, біз бұл туралы дереу бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаймыз, автобустардағы жарнамаларды орналастырамыз.
Людмила КАЛАШНИКОВА
