Орал қаласында «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған
Оралда «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Жыл сайын мемлекет қаражатты қылмыстық қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа шаралар қабылдауда.
Бұл ретте, күрестің негізгі құралы ретінде қылмыстық жауапкершілік болып қалуда.
Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураларды жазып беру жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген.
Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «ЗападСтройКазахстан» ЖШС директорының жалған шот-фактураларды жазып беру жөніндегі заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
Азамат О. Бессонов өз кәсіпорны атынан топырақ жеткізуге және құрылыс жұмыстарына «Орал қаласында 1500 орындық тергеу изоляторының құрылысы» бойынша мердігер болып табылатын «Бура Строй» ЖШС-мен жалған мәмілелер жасады.
Сонымен қатар, шарттар бойынша нақты құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ.
Мемлекетке бюджетке төленбеген салықтар түрінде 170 млн. теңгеге залал келтірілді.
О. Бессонов 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.