БҚО-да инвесторлар гольф-клуб салып, баррамунди экзотикалық балығын өсірген жоқ
Екі жобаны да облыстың инвестициялық кеңесі екі жыл бұрын, 2020 жылдың басында бекіткенмен іске асырылмады. Пандемия инвесторлардың үлкен жоспарларына кедергі келтірді,-деп түсіндірді БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жұмағелді БАТЫРНИЯЗОВ.
Гольф клубын 30 млн долларға «GolgRezort «Ақжайық» ЖШС салу туралы өтініш білдірген, осы жобаға Бәйтерек ауданында 80 гектар жер сұраған. Компания өкілдері 70 жұмыс орнын ашуға уәде берді.
«Aquazor» ЖШС қуаттылығы жылына үш мың тонна балық өндіретін өндіріс ашуға уәде берді. ЖШС тең құрылтайшысы Александр Трепухин бұл жобаға 31 млн. еуро инвестиция салуға және 60 жергілікті тұрғынға жұмыс орындарын ұсынуға уәде берді.
Екі компанияның өкілдері пандемияға сілтеме жасап, жоспарларынан бас тартты.
Бәйтерек ауданындағы жер учаскелері жоғарыда аталған бизнес-нысандарды салу үшін инвесторларға берілмеген, олар «Ақжайық «ӘКК» АҚ балансында», — деп хабарлады Батырниязов.
Теректі ауданы Алғабас ауылындағы МӨЗ – тағы бір инвестициялық жобаның іргетасы әлі қаланбаған. Оның құрылысы туралы 2018 жылы «ABS-мұнай»компаниясы хабарлады.
Бұл компания әлі де жобаның бас мердігерін іздейді. Тапсырыс беруші – «ABS Мунай» ЖШС West Carbon Investment Араб инвестициялық қорынан зауыттың бірінші кезеңінің құрылысына 30 млн доллар алды, бірақ қосалқы мердігер ұйымдарға төлем жасамады.
«Жайық Петролеум Ltd» ЖШС Белес ауылында құны 96 млрд. теңге болатын сұйық метанол өндіру жобасының басталғаны туралы хабарлады. Бірақ содан кейін олар кедергіге тап болды – «ҚазТрансГаз Аймақ» оларға қажетті газ көлемін бермейді.
Людмила КАЛАШНИКОВА