«Біздің әкім жергілікті адам болуы керек» — БҚО-дағы Сарыөмір кентінің тұрғындары сайлау комиссиясының әрекетіне наразы (ВИДЕО)
Теректі ауданындағы Сарыөмір кентінің тұрғындары осы аптада әлеуметтік желілерде өздерінің округ әкімі (Шалқар) сайлауына кандидаттар Шынтемір Тілешжанов пен Азамат Кенжеғалиевті жіберуді талап етіп, бейнеөтініш таратты. Екеуі де жергілікті тұрғындар. Алайда аудандық сайлау комиссиясы оларды кандидат ретінде тіркеген жоқ.
Теректі аудандық сайлау комиссиясы Шынтемір Тілешжановқа округ әкіміне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты, себебі оған біреу полицияға арыз берген. Азамат Кенжеғалиевты сайлаудан үш күн бұрын сайлау комиссиясы еңбек кітапшасындағы жазба нақты емес деп күдіктеніп, тіркеуден шығарды. Тергеу органдары еңбек кітапшасындағы жазбаны қолдан жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.
Жексенбі күні Шалқар округінде округ әкімінің сайлауы өтеді. Бюллетеньде аты – жөні жазылған үш кандидаттың барлығы жергілікті тұрғындар емес. Сарыөмірде оларға мүлдем риза емес, олар әкім бізбен бірге тұруы керек деп мәлімдейді.
Ағымдағы жылдан бастап ауылдық округ әкімдері тікелей сайлауда тұрғындардың дауыс беруі арқылы сайланады. 25 шілдеде облыстың 31 ауылдық округінде әкімдердің алғашқы тікелей сайлауы өтті.
Мәтін және бейне авторы Талғат Омаров
ТОЛЫҒЫРАҚ: БҚО-ның 31 ауылдық округінде әкімдердің тікелей сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсынуға тоғыз күн қалды
Тәуелсіз кандидат БҚО-дағы Жаңажол ауылдық округінің әкімі болды
Жаңақала әкімінің орнына алдағы сайлауда мектеп мұғалімі үміткер