Оралдағы жәрменкеде демалыс күндері тұрақтандыру қорынан арзан көкөністер сатылады
Картоп килограмы 137 теңгеден, пияз – 86 теңгеден және сәбіз-179 теңгеден «Ел Ырысы»базарының аумағында сатылатын болады.
Оралда ауылшаруашылық жәрмеңкесі осы демалыс күндері, 27-28 қараша күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.
«Ел Ырысы» базарының аумағында жергілікті фермерлердің сауда алаңдарына орындар белгіленді, онда олар өз ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын болады.