Абай болыңыз, Оралдағы жолдар мен тротуарларда көктайғақ (ВИДЕО)
28 қарашада өткен жаңбырдан кейін, 29 қарашада таңертең ауа температурасы төмендеп, қала көшелерінің жолдарында мұз пайда болды.
Жаяу жүру қауіпті болды, оралдықтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім киген жөн. Көліктерде жүргендерге де абай болу керек, мұндай ауа-райында жолдардағы қозғалыс көптеген апаттарға әкеледі, сонымен қатар жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыруға әлі үлгермеген жүргізушілер де бар.
Болжам бойынша, кешке жылынады, кейінірек жаңбыр түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, ал таңертең ауа температурасы қайтадан төмендейді.
«Жайық Таза қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев қала жолдарында таңертеңнен бастап 13 арнайы техника жұмыс істейтінін, мұзға құм мен тұз қоспасы себілгенін хабарлады.
— Сонымен қатар, бізде үш трактор және 10 адамнан тұратын 15 бригада жұмыс істейді. Олар, ең алдымен, көп адам шоғырланған қала аудандарында, әрі қарай бүкіл қала бойынша жұмыс істейді, — деп хабарлады Ринат Нұрғалиев.
Қаланың орталық көшелерімен жүріп өткен журналистер күрекке сүйеніп, мұңая тротуарға қарап тұрған бір жұмысшыны көрді.
Мария ДРАЧЕВА, фото және видео: Еркебұлан ГАПУОВ