БҚО-да бірнеше миллион доллар жымқырғаны үшін топ-менеджерлерді соттады
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде квазимемлекеттік секторда жоғары қызмет атқарған екі ер адамға қатысты шығарылған үкім туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды NUR.KZ.тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, «Батыс Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ахмадиев пен сенімді басқарушы – «Qazaq Energy энергетикалық компаниясы» ЖШС Бас директоры Арипжанов жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
«2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде сотталғандар жүйелі негізде АҚ автокөлігіне қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне, автокөлікті жалға алу шарттарына және заңгерлік және консалтингтік қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 60 млн теңгеден астам бюджеттік ақша қаражатын жымқыру жасады. Залал өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.
Ведомствода ағымдағы жылдың 10 айында олардың қызметкерлері 39 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркегені, оның ішінде 25-і сыбайлас жемқорлық болып табылатыны туралы хабардар етілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 182 миллион теңгені құрады, оның 98 пайызы өтелді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 36 адам сотталды, оның 5 – і бас бостандығынан айыруға, 31 – і айыппұл төлеуге сотталды, олардың жалпы сомасы 44 млн теңгені құрады.