Жайықты құтқару «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасына енгізілмеген
Еліміздің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының бекітілген нұсқасына Орал-Каспий бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі іс-шаралар кірмеді.
Келісу сатысында Деркөл арнасын тазарту бойынша 835 млн теңгеге және су көлемін ұлғайту және Қиғаш өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту бойынша 11 млрд 88 млн теңгеге жұмыс жобалары қаралды. Бірақ содан кейін ұлттық жобаның бастапқы нұсқасына енгізілген Қиғаш және Деркөл шағын өзендерін тазарту жөніндегі іс-шаралар құжаттан алынып тасталды.
«Су объектілерінің экожүйелерін сақтау бөлігінде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыру жоспарлануда. Балқаш көлінің бассейнінде орналасқан өзендердің сулылығы мен өткізу қабілетін арттыру бойынша іс — шаралар көзделген», – деп түсіндірді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді және халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.