Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап ескі көліктерді өтелге қабылдау тоқтатылады
Бұл туралы ӨКЖ операторының сайты хабарлайды (өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі).
«Жыл соңына дейін мамандар қабылданған машиналар мен техникаларға түгендеу жүргізеді. Жыл басынан бері қазақстандықтар істен шыққан 50 005 автокөлікті тапсырды. Оның ішінде 37 495 жеңіл автокөлік, 4040 жолаушылар көлігі және 8470 жүк көлігі бар», — делінген хабарламада.
ӨКЖ операторының мәліметінше, 3054 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 2226 трактор және 828 комбайн қабылданды. Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау жалғасуда. Бүгінгі күні электрондық кезекті брондау базасында 254 трактор мен 72 комбайн өтінімдерді растауды күтуде.
Қабылдау келесі жылдан басталады.