Қазақстанда сапасыз білім бергені үшін 15 университет жабылды

Елімізде білім сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау күшейтілді. Бүгінге дейін 15 университет толығымен жабылды, тағы төрт жоғары оқу орнын жабу бойынша сот шешімі қабылданды.

Үкімет отырысынан тікелей эфир скрині

Бұл туралы Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Бұл бағыт біз үшін аса маңызды. Министрлік сапасыз білім беретін университеттерде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша 500-ден астам сот процесіне қатысып, 15 университетті толығымен жапты. Тағы да 4 университетті жабу бойынша сот шешімі қабылданды, бірақ қазір аппеляция жүріп жатыр, — деді министр.

Ведомство басшысы сонымен бірге университеттерде студенттерге сапасыз білім беретін кейбір мамандықтар да жабылып жатқанын айтты.

61 университеттің 400 сапасыз білім беретін мамандықтары бойынша лицензиялар қайтып алынды. Студенттерді басқа оқу орындарына ауыстырдық. Мысалы, мұғалімдерді бұның алдында 86 университет дайындаса және сапасы бойынша көп сұрақ туындаса, енді педагогтерді 50 оқу орны ғана дайындайды. Яғни, осы бағыт бойынша ғана 36 университеттің лицензиясы қайтарылып алынды, — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру және жабу жұмыстары жалғаса береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-08-09
Утром17.05 ℃
Днем31.71 ℃
Вечером32.17 ℃
Ночью24.64 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.31 м/с
2022-08-10
Утром21.84 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером31.64 ℃
Ночью25.64 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра3.7 м/с