БҚО-да компания 157 млн теңгеге салық төлеуден жалтарған
Қаржы мониторингі агенттігі 157 миллион теңгеден астам салық төлеуден жалтарудың кезекті фактісінің жолын кесті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн. теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.
Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.