БҚО Монополистерге айыппұл салынды
БҚО-да коммуналдық саланың 20 кәсіпорнына инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін 60 миллион теңге айыппұл салынды. Енді осы монополистердің барлығына бір жылға өтемдік тарифтер енгізіледі. Тұрғындар жылу, электр қуаты, ауыз су және қоқыс шығару үшін кішкене болса да аз төлейді.
Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің деректері бойынша, 2020 жылға бекітілген тарифтік сметаның және 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалуын талдау «БатысҚазТЭК» АҚ, «Ақсайгазпромэнерго» АҚ,»Жайықжылукуат» АҚ, «Оралснабконтракт» ЖШС, «Ақсайжылуқуат» МКК, «Коммунал» МКК, «Сырым» МКК, «Жайықтехсервис» МКК, «Теректі үй жөндеу» ЖШС, «Стройтех» ЖШС, «Орда» МКК, «Каримов» ЖК, «Нұржауған» ЖК, «Агын» СПКВ, «БатысСуАрнасы» ЖШС, «Қазсушар» РМК БҚФ табиғи монополиялар субъектілері және т.б. өз кәсіпорындарын жаңғыртуға қаражат салған жоқ, осылайша инвестициялар құю бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.
ҚР Әкімшілік Кодексіне сәйкес барлық кәсіпорындарға жалпы сомасы 60,3 млн теңге айыппұл салынды.
«ОА» БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Алмас Отаров түсіндіргендей, барлық коммуналдық кәсіпорындардың қатесі бір жерде – олар өз пайдасының 5% – на дейін құрылыстарды, ғимараттарды, жабдықтарды қайта жаңартуға және жөндеуге инвестиция салуы тиіс еді. Бірақ іс жүзінде олар инвестициялық міндеттемелерді тиісті көлемде орындамады.
– Қазір барлық көрсетілген кәсіпорындар бойынша негізсіз алынған пайданы халыққа қайтару үшін төмендетілген – өтемдік тариф енгізіледі, – деді Алмас Отаров. – Қолданыстағы тарифтердің айтарлықтай төмендеуі болмайды, бірақ жыл ішінде тұтынушылар жарық, су, газ, қоқыс шығару үшін әдеттегіден сәл аз төлейді.
Людмила КАЛАШНИКОВА