БҚО-да ауыл тұрғындарын шулатқан ағайынды Ешовтердің ісі қаралды

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы мал ұрлығы мен оқ-дәрілерді сақтағаны үшін сотталған ағайынды Ешовтардың ісі бойынша сотталғандар мен жәбірленушілердің шағымдарын қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

 «ОА» мұрағатынан

Апелляциялық алқада атап өткендей, сотталғандар қылмыс құрамының болмауына байланысты оларды ақтауды сұрады. Өз кезегінде жәбірленушілер азаматтық талап-арыздар бойынша да шағым түсірді.

«Сотталғандар өз шағымдарында олар тек адасып келіп қосылған малды өздеріне қалдырып, ештеңе ұрламады деп мәлімдеді. Бірақ бұл дәлелдер себекпсіз деп танылды. Істі егжей-тегжейлі зерделеу кезінде біз үкімді азаматтық талаптар бөлігінде өзгертуге негіз таптық. Алты жәбірленушінің пайдасына 10 миллион теңге өндіріп алынады», – деді БҚО облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Азат Ізбасаров.

БҚО Ақжайық аудандық сотының үкімі өзгеріссіз қалды. 44 жастағы Берікболат Ешов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Оның інілері Болатбек пен Болат Ешов 6,5 жыл бойы орташа қауіпсіздік колониясында болады. Ағайынды мал ұрлаушылардың сыбайласы Нұрхат Елеусізов 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта екі жыл бойы ауыл тұрғындары шарауа қожалықтарынан мал ұрлағаны анықталды. Тінту кезінде олардан 600-ге жуық жылқы тапты. Сонымен қатар, сот сотталушыларды ұрлықтың 39 эпизодында – 175 жылқы мен 43 ірі қара мал ұрлығын анықтады.

Бұған дейін зардап шеккен фермерлердің бірі ағайынды Ешовтардың мал ұрлығы туралы егжей-тегжейлі айтқан болатын.

«Олардың мал ұрлайтынын барлығы Ақжайық ауданында – кішіден үлкенге дейін білетін. Бірақ адамдар қорыққандықтан үнсіз қалды. Ешовтар тек малды ұрлап қана қоймай, олар мүмкіндігінше заңсыздық танытты: олар тіпті күндізде ұрлады, ал егер малшылар оларды байқаса, оларды қорқытып отырды. Олар адамдардың қорасын өртеп жіберді, бір шопанның әйелін атып тастауға қалды. Олар өздерін жазаланбайтындай сезінді, біз олардың мықты «сүйенері» бар деп күдіктенеміз», – деді фермер.

Ер адамның айтуынша, зардап шеккен ауыл тұрғындары мен фермерлердің ешқайсысы үкіммен келіспеген, барлығы Ешовтар кланы жақында бостандыққа шығып, бұрыңғы әуеніне қайта кіріседі, деп қорқады.

Тақырып бойынша: БҚО-да мал ұрлау бойынша Қазақстандағы ең ірі қылмыстық іс сотқа жіберілді (ВИДЕО)

Мал ұрлығы бойынша сот: сотталушылар кінәсін мойындамайды (БЕЙНЕ)

«Тағылған айыптармен келіспеймін»: адвокат Саян Жүнісбаев

БҚО-да мал ұрлығының ісі бойынша сот отырысы ұрыс-керіспен аяқталды (БЕЙНЕ)

БҚО-да мал ұрлығына қатысты төрт ағайындыға үкім шығарылды

«Мылтық атып әйелімді қорқытты»: Ешовтарда жұмыс істеген көмекші өз шыңдығын айтып берді (БЕЙНЕ)

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.94 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с