БҚО-да орман шаруашылығының бөлім басшысы қорықта қайтыс болды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгін, 14 желтоқсанда, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы 44 жастағы Серік Мәженов қаруды абайсыз ұстау салдарынан қайтыс болғанын хабарлады.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маженов пен тағы екі ер адам Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде Бударин қорығында аң аулаған. Қаруды қайта оқтау кезінде мылтық атылып, оқ басқа адамға тиген. Жараланғанды өз күшімен Ақжайық кентіндегі ауруханаға жеткізгенмен, ол сол жерде қайтыс болды.
– «Абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде,-деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Мемлекеттік табиғи қорықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесіне ие.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аң аулауды қоғамдық қауіптілігі жоғары дәрежедегі қылмыс ретінде ерекше білікті құрамдардың қатарына жатқызады (ҚР ҚК 337-Б.4-б.).
Талғат Омаров