«Жер берсе, субсидия сұрамаймыз». Мал баққан шаруаның мұңы қандай?

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға 5 жылға 2 триллион теңге бөлінген, деп жазады informburo.kz.

«ОА» мұрағатынан.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға қазынадан 2 триллион теңге бөлінген. Алайда шешілмеген мәселе шаш-етектен. Шағын кәсібі бар шаруалар қаржылық қолдауға қол жеткізу қиын екенін айтып шағымданады. Себебі көп, дегенмен, бір ұшы жемқорлықпен де байланысты. Биылдың өзінде 30 шенеунікке субсидия қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Проблеманың өзге себептері қандай? Қазақ халқының ата кәсібі – мал шаруашылығы неге дамымай отыр? 

Шаруаға не қажет?

Бұл сауалға жеке шаруа Ержан Жаңажыл жауап берді. Оның сөзінше, субсидияға қыруар қаржы бөлгенше мал шаруашылығының негізі мәселесін шешу керек. Ал негізгісі – жер мәселесі.

«Мал шаруашылығындағы бүгінгі таңдағы ең негізгі мәселенің не екенін анықтап, соны шешіп берсе, ешқандай субсидиясыз да, артық шығынсыз да мал шаруашылығы дамып, шаруалардың малы өсіп, ата-бабадан бері жиырма ғасыр асырап келген мал қазақты мұнайсыз да, көмірсіз де, зауытсыз да әлі талай ғасыр асырайды деп ойлаймын. Проблема ақшаның жетіспеушілігі, субсидия не несие де емес. Ақшаны алатындар саны мыңдап саналатын қойы, ірі қарасы бар бай-қуатты адамдар. Олардың ақшаға да, көмекке де зәрулігі жоқ. Ал Қазақстан халқы тұтынатын еттің 70 пайызын, сүттің 90 пайызын өндіретіндер ірі шаруашылықтар емес, ұсақ, ауласында аз ғана мал ұстайтын шаруалар. Олар ешқандай несие де, субсидия да алмайды. Олардың басты мәселесі – жайылымдық жердің жоқтығы. Ауыл маңындағы жайылымды ашып берсе, 10 теңге бермесеңіздер де риза болар едік», – дейді шаруа Ержан Жаңажыл.

Мәселе қайдан шықты?

Оның сөзін толықтырған Shopan Ata қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев саладағы өзге өзекті мәселеге тоқталды.

«Ержан сынды басқа да жеке қосалқы шаруашылықтар бар болса, олар Үкіметтің ешқандай көмегін алған жоқ. Бұл кісілер ұлтарақтай жердің өзіне зәру болып отыр. Субсидия, қосалқы шаруашылықтар туралы мәселелердің бәрі қайдан шықты? 1 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына тапсырма қойды. Осы Ержан сияқты елді асырап отырған, не несие, не субсидия алмайтын, тіпті жері жоқ миллиондаған адам бар, солардың мәселесін шешіңдер деді. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл мәселелерді шешуі тиіс заңдары мен қағидаларының бәрі қисық. 5 жылға 2 триллион теңге бөлдік деп жарияға жар салды. Жылына 370 миллиард теңге бұл. Ал оны алып отырғандар – ары кеткенде 100 мың ғана шаруа. Бірақ, шаруа саны бізде 300 мың. Ал қосалқы шаруаларды қосар болсақ, сан тағы мыңға артады», – деді Shopan Ata қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Субсидия қалай есептеледі?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент басшысы Бақытжан Момбековтың түсіндіруінше, Қазақстанда мал шаруашылығын субсидиялауға жалпы ішкі өнімнің шамамен 5 пайызы бөлінеді. Көршілес Ресейде бұл үлес 6% болса, Беларусьте – 8%.

«Біз де бұл көрсеткішке бірте-бірте келе жатырмыз. Рас, субсидияға қол жеткізе алмаған шаруалар бар. Неге? Біз өңірлерден өтініштерді жинап, соның қорытындысын шығарып, қажет соманы шаруаларға таратамыз. Бірақ, қаражат бәріне бірдей жете бермейді. Негізі бұл жерде субсидияның бірнеше түрі бар екенін айтып өткен жөн. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидия, қазір инвестициялық шығындарды субсидиялау мәселесі талқыланып жатыр. Бұл мал шаруаларының жаңа құралдар мен техника алуға жұмсайтын шығындарының бір бөлігін өтейтін субсидия түрі», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент басшысы Бақытжан Момбеков.

«Сыбағадан» кімдер сыбаға алып жүр?

«Ауыл шаруашылығының бағдарламалары тек ірі шаруашылықтарға ғана арналған ба?» деген бағдарлама жүргізушісінің сауалына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Алматы филиалының директоры Қуат Сұлтанғазиев олай емес екенін айтып жауап берді.

«Сыбаға» – үлкен бағдарлама. Ол сырт елдерден ірі қара малды алып келуге бағытталған. Оның тәртібі бойынша несие қазір 10 жылға дейін беріледі. Мөлшерлемесі – 14%. Субсидияға келсек, оның 10 пайызын Үкімет төлеп беретін болса, 4 пайызын шаруаның өзі табуы тиіс. Бірақ, бұл жерде Ауыл шаруашылығы министрлігі қойып отырған талаптар бар. Мәселен, 1 ірі қараға 3 гектар жеріңіз болуы керек. Екіншіден, кепілдік мүлкі бар. Оның мөлшері – 70%. Қалған 30 пайызы ретінде малдың өзін аламыз. Ал қарапайым шаруаларға көмек көрсететін «Бәйтерек» ұлттық холдингінің құрамына кіретін Ауыл шаруашылығын қолдау қоры бар. Біз Аграрлық несие корпорациясы болсақ, қазір сол қормен бірігіп жатырмыз. Ауыл шаруашылығын қолдау қорының жұмыс істеп келе жатқанына 20 жыл болып қалды. Сол уақыт аралығында төмен (6%) пайызбен, оның ішінде көпбалалы аналарға, мүгедектерге 4 пайызбен кредит береді», – деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Алматы филиалының директоры Қуат Сұлтанғазиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-08-09
Утром17.05 ℃
Днем31.71 ℃
Вечером32.17 ℃
Ночью24.64 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.31 м/с
2022-08-10
Утром21.84 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером31.64 ℃
Ночью25.64 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра3.7 м/с