Қаза тапқан аңшылық инспекторы тапсырма бойынша рейдте болды – БҚО жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бастығы
Мұны «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бастығы Қайрат Қадешев хабарлады.

«Серік Мәженов Бударин қорығында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп жұмыс істеу тапсырмасы бойынша рейдте болды. Рейдтегі біздің инспекциядан ол жалғыз болды.
Бұдан әрі түсініксіз. Ақбөкенді қорғаудың айналасында қанша азғырулар болды-оны ештеңе жолынан тайдыра алмады. Оның өзі аңшы емес, мылтығы жоқ.
Қызмет бойынша шағымдар ешқашан болған емес. Өткен жылы қызметінің жақсы көрсеткіштері үшін Президенттің қолы қойылған Алғыс хат алды. Тергеу көрсетеді … » – деді БҚО бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бастығы.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 14 желтоқсан күні таңертең БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің 44 жастағы басшысы Серік Мәженов абайсыз қару ұстаудан қайтыс болғанын хабарлады.
Оқ ату MP-153 —өздігінен зарядталатын тегіс ұңғылы мылтықтан болған. Атқан азаматтық тұлға.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Маженов пен тағы екі ер адамның Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 15 шақырым жерде Бударин қорығында аң аулағаны туралы хабарлама таратты. Қаруды қайта зарядтау кезінде ер адамдардың бірі атып, оқ басқа адамға тиді. Жараланғандар Ақжайық кентіндегі ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.
«Абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Серік Мәженовтің екі баласы қалды-қызы мен ұлы, екеуі де студенттер.
Жерлеу рәсімі 16 желтоқсанда өтеді.
Мемлекеттік табиғи қорықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесіне ие.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аң аулауды қоғамдық қауіптілігі жоғары дәрежедегі қылмыс ретінде ерекше білікті құрамдардың қатарына жатқызады (ҚР ҚК 337-Б.4-б.).
Толығырақ: БҚО-да орман шаруашылығының басшысы қорықта қайтыс болды