Оралда жүргізушіге 97 айыппұл салынды
Оралда бір жарым ай ішінде жол ережесін 100-ге жақын бұзған жүргізуші ұсталды.

Ресейлік нөмірлі мерседес көлігімен жүрген заң бұзушы жақында ұсталды. Полиция 23 қазаннан бастап ер адам жол ережесін 97 рет бұзғанын хабарлады. Айыппұл сомасы 2,4 миллион теңгені құрайды.
– Ол бұзушылықтары жазасыз қалады деп сеніп, сақтандырусыз жүрді,-дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті жанындағы әкімшілік практика бөлімшесінің бастығы Олжас ИБРАЙЫМОВ. – Бірақ біз мұндай жүргізушілерді «Автоураган»жүйесінің көмегімен анықтап, тоқтатамыз. Ұсталғаннан кейін барлық айыппұлдар салынды, көлікті сақтандырусыз пайдаланғаны үшін хаттама жасалды және сол күні барлық айыппұлдар өндірілді.
Жүргізуші ресімделгеннен кейінгі бірінші аптаның ішінде айыппұл төлегендіктен, ол 1,2 миллион теңгені үнемдеді.
Бір жарым ай ішінде Оралда жалпы сомасы 349 миллион теңгеден асатын 35 мың бұзушылық тіркелді. Ерекше бұзушылар да бар. Мысалы, бір қыз жүргізуші алты күнде жол ережесін 43 рет бұзған.