БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолында көлік қозғалысы жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ) Республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолында қозғалыс жабылды.
«Қазавтожол» АҚ БҚОФ деректеріне сәйкес Теректі ауданының Подстепное кентінен Сырым ауданының Жымпиты кентіне дейінгі барлық автокөлік түрлері үшін жол учаскесі жабылды.