1 қаңтардан бастап жалақы, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері қаншаға өседі? – инфографика

2022 жылы зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн қазақстандықтың табысы артады. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы деректер бойынша келесі жылдан бастап жалақы, зейнетақы және жәрдемақы мөлшері қалай өзгеретіні жазылды, деп хабарлайды aikyn.kz.

1,6 млн адамның табысы өседі

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңге болады. 2019 жылдан қазірге дейін ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге, ал 2019 жылға дейін 28 мың теңге көлемінде болған еді. Сәйкесінше, елдегі бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтардың да жалақысы өседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 млн адамның табысының өсуіне әсер етеді.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге өседі. Демек жәрдемақы мөлшері де артып, айыппұл, салық көлемі де өседі. Биыл АЕК 2 917 теңге болған.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге болады. Биыл ол 34 302 теңге еді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылады.

5,1 млн қазақстандықтың зейнетақысы мен жәрдемақысы көбейеді

2022 жылы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады. Биыл бұл көрсеткіш 18 524 теңге болды.

2022 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 46 302 теңге болады. Биылғы зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы 5,1 млн қазақстандықтың зейнетақысы мен жәрдемақысы артады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем22.78 ℃
Вечером24.64 ℃
Ночью17.14 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.72 м/с
2025-06-25
Утром16.57 ℃
Днем26.15 ℃
Вечером25.37 ℃
Ночью18.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.44 м/с