Оралда автобустар жиналады
Оралда автобустар жиналып, метан-газ құю станциялары ашылады. Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен Инвестиция тарту жөніндегі кеңес барысында белгілі болды. Отырыс барысында 6 жаңа жоба мақұлданды.

Volgabus маркалы автобустарды Орал механикалық зауытының базасында жинау жоспарлануда. Ресейлік кәсіпкерлер жобаға шамамен 20 млрд теңге инвестиция салуға ниетті екенін атап өтті. Алдымен олар жылына 50 газ моторлы автобус пен 50 электробус шығаруды көздеп отыр. Екінші кезеңде бизнесмендер ауданы 10 га болатын өндіріс үшін өз учаскелерін алуды жоспарлап отыр, мемлекеттік қолдау ретінде инвесторлар өнімді өткізуге көмек сұрайды.
-Біз жобаны қолдаймыз. Орал әкімі 50 автобус сатып алуды қамтамасыз етуі тиіс. Жеке тасымалдаушылар бұл өнімге қызығушылық танытады. Келісімге қол қоямыз, әкімдік кепіл болады, — деп атап өтті БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Құны 1 млрд теңгеден асатын тағы бір мақұлданған жоба — экологиялық таза мотор отыны-метан газын өндіру. Инвесторлар Орал бойынша жанармай құю станцияларының желісін құруды жоспарлап отыр. Жобалық қуаттылығы — жылына 35 млн текше метр.
— Метанның тиімділігі айқын көрінеді. Бензин литрінің бағасы арасындағы айырмашылық 70 теңге. Жабдықтың екінші ерекшелігін дизельді қозғалтқыштарға қоюға болады, — деді кәсіпкер Анвар Траисов.
БҚО әкімі бұл жобаның да болашағы зор екенін атап өтті. Соңғы екі жылда БҚО-да 44 инвестициялық жоба мақұлданды. Олардың 6-ы пайдалануға берілді және 550 млрд теңге сомасына 22-сі құрылыс сатысында.
Дереккөзі: tdk42.kz
