Батыс Қазақстанда алдағы жылы 18 ауыл әкімі жаңадан сайланады

Батыс Қазақстан облысында алдағы жылы 18 ауыл әкімі жаңадан сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Орал қаласы және Жаңақала мен Тасқаладан басқа 10 ауданда сайлау өтеді. Оның айтуынша, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша облыста 42 ауылдық округте жаңа әкімдер сайланды.

Өңірде барлығы 151 ауыл әкімі болса, орташа есеппен алғанда, соның үштен бірі жаңарды деуге болады.

Екіншіден, халық ауыл әкімдерін сайлауға белсенді қатысты. Орташа қатысу көрсеткіші 76,7 пайыз болса, Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде 96,7 пайызға жетті.

«Сайлау науқаны барысында 113 адам ұсынылды. Соның 32-сі Nur Otan партиясының өкілдері болса, содан кейінгі орында – өзін-өзі ұсынғандар (12). Бір орынға 2,79 адамнан келді. Сайлау қорытындысымен әкім болғандардың 28-і – Nur Otan мүшелері, біреуі – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, тағы біреуі – «Ауыл» партиясынан, 12-сі – өзін-өзі ұсынғандар. Бұрыннан өз қызметін атқарып келе жатқан 22 әкім қайта сайлауға түссе, соның үшеуі өте алмай қалды. Сайланғандардың тең жартысынан астамы – жаңадан келгендер. Енді оларға өзін жақсы қырынан көрсетіп, халық сенімін ақтауға мүмкіндіктері жеткілікті», деді Ғ.Қапақов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-20
Утром14.75 ℃
Днем26.13 ℃
Вечером23.48 ℃
Ночью19.07 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.5 м/с
2025-04-21
Утром13.66 ℃
Днем24.35 ℃
Вечером24.28 ℃
Ночью18.1 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.43 м/с