БҒМ арнайы комиссиясы Қазақстандағы барлық балабақшаларды және олардың қызметкерлерінің жұмысын тексереді

Білім және ғылым министрлігінің арнайы комиссиясы еліміздің балабақшалардың жұмысын тексереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Комиссия құрамына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, сарапшылар, әдіскерлер мен қоғам белсенділері кіреді.

Көрнекі сурет.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенованың айтуынша, балабақшалар 100% қауіпсіз болуы керек. Ол Алматыдағы екі мектепке дейінгі ұйымда болған оқиғаларға жол беруге болмайтынын айтты.

«Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында, сонымен қатар заңбұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ меншік нысанына қарамастан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Өкініштісі, биыл қыркүйекке дейін мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын мемлекеттік бақылау тетіктері мүлдем болған емес», – деді ол.

Көбенова балабақшалар басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылып, хабарлама арқылы ашылатынын айтты. Сонымен қатар бұрын мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылған.

«Биыл ғана балабақшаларға мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде енгізе алдық. Осыған байланысты көптеген наразылық болды. Бірақ балалардың мәселесіне келгенде бей-жай қарамау керек. Алғашқы нәтижелер мұндай тексерулер қажет екенін көрсетті», – деді Көбенова.

Желтоқсанның басында тексерілген балабақшалардың шамамен 80%-і білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып, соған байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген.

«Біз сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты жеке меншік балабақшаларда орналастыруға, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптарды күшейтеміз. Мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кірісетіндер біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талап енгізіледі», – деп толықтырды Көбенова.

Ол білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажет екені бірнеше рет айтылғанын мәлімдеді.

«Әр топқа бейнекамералар берілуі керек. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды іріктеу мәселесі де өте маңызды», – деп түйіндеді ол.

Соңғы бірнеше күнде балабақша тәрбиеленушілеріне қатысты зорлық-зомбылық фактілері тіркеліп жатыр.

Алматылық тәрбиешінің өрескел әрекеттері видеокамераға түсіп қалғаннан кейін шу шықты. Ол жерде әйелдің балаларды итеріп, ұрып жатқаны анық көрінеді. Сол видео тарағаннан бір күн өткен соң әйел өзіне қол жұмсады. БАҚ ақпаратына сәйкес, ол көпбалалы ана болған.

Артынша желіде тағы бір видео тарады. Алматыдағы балабақшалардың бірінде бірнеше бала өзінен кіші баланы соққыға жығып жатыр. Қызметтік тексерістен кейін балабақшаның бірнеше қызметкері жұмыстан босатылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-16
Утром-4.07 ℃
Днем-5.32 ℃
Вечером-10.38 ℃
Ночью-12.08 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.87 м/с
2025-01-17
Утром-8.43 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-2.8 ℃
Ночью-1.91 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.51 м/с