БҚО-да 8 елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Электрмен жабдықтаудың апаттық өшірілгені туралы хабарлады.

2 қаңтарда таңғы сағат 11 шамасында облыстың үш ауданының және ішінара Орал қаласының үш елді мекенінде (барлығы 1010 абонент), Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында (508 абонент); Сырым ауданы, Бұлан ауылы (120 абонент); Жәнібек ауданы, Өнеге ауылы (37 абонент), Деркөл кентінде (345 абонент) электрмен жабдықтау авариялық ажыратылды.
Сағат 15: 30-да Пятимар, Бұлан және Онеге ауылдарында электр қуаты қалпына келтірілді.
– 1880-ге жуық абонент электрмен жабдықталмаған. Ішінара Деркөл кенті (345 абонент), Орал қаласы, «Жазира» дүкенінің ауданы (460 абонент) және облыстың 4 ауданының 8 елді мекеніне: Казталов ауданы, Бестерек ауылы (50 абонент), Никанур ауылы(30 абонент), Қараөзен ауылы (100 абонент), ішінара Жалпақтал кенті (60 абонент), Шыңғырлау ауданы Алмазный ауылы (254 абонент), Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы (263 абонент), Егіндікөл (267 абонент), Жаңақала ауданы Айтпай ауылы (52 абонент).
Жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары «БатҚазТЭК» АҚ күшімен жүргізілуде (76 қызметкер мен 18 бірлік техника), – деп хабарлады БҚО ТЖД.