БҚО-да жол апатынан бір күнде 6 адам қаза тапты
2022 жылдың 1 қаңтарында БҚО-да үш апат орын алып, 6 адам, оның ішінде бір бала көз жұмды. Қалған зардап шеккендер ауруханада жатыр, олардың арасында бір бала комада жатыр, деп хабарлайды «ОА» тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті сағат 14:30-да Орал-Атырау тас жолында «Хендай» және «Тойота»автокөліктерінің соқтығысқанын хабарлады. ЖКО салдарынан 5 адам зардап шекті, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған балалар, біреуі ауыр халде, комада.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Ысқырық тау «(Свистун гора) маңында жол апатынан 9 адам зардап шеккенін, оның ішінде бесеуі бала екенін хабарлады.
– 2021,2010,2015,2009 жылдары туған балалар Облыстық балалар ауруханасының бөлімшесінде ауыр халде. 2013 жылы туылған бала ТЖМЖ, СММ, бас сүйегінің сынуы бар реанимация бөлімшесінде, комада жатыр, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.
Екінші апат Самара-Шымкент тас жолының 313 шақырымында болды, онда «Тойота-Прадо» және «Ваз 2112″екі автокөлігі соқтығысты. Апат салдарынан 4 адам қаза тапты, қалғандары ауруханаға жатқызылды. Үшінші ЖКО Деркөл ауылының маңындағы айналма жолда орын алды, онда «Хундай Сантафе» және «Фольксваген Поло» автокөліктерінің жүргізушілері соқтығысуға жол берді, апат салдарынан 2012 жылғы бір кәмелетке толмаған бала балалар ауруханасына барар жолда есін жимастан, қайтыс болды.
– Мән-жайлар анықталуда. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады полициядан. Полицейлер жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде сақ болуды, жылдамдықты асырмауды және ауа-райының нашарлауына байланысты рульге отырмауға және қаладан шықпауға тырысуды ЕСКЕРТЕДІ.
Талғат Омаров