БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды
Қалған зардап шеккендер түрлі жарақаттармен Тайпақ ауылының ауруханасына жатқызылды.
Қайғылы оқиға бүгін, үшінші қаңтар күні сағат 16: 40-та Орал-Атырау тас жолында Томпақ ауылының маңында орын алды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автожолда Audi және Volkswagen Passat маркалы екі көліктің соқтығысуы орын алған. Апат салдарынан алты адам зардап шекті.
– Өкінішке қарай, оқиға орнында 19 жастағы жігіт көз жұмды. Осы көліктің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. Қалған зардап шеккендер Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы «Адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полициядан.
Апаттың басқа да егжей-тегжейлері анықталуда.