Маңғыстауда газ құнын төмендету туралы шешім қабылданды-Мамин
Маңғыстау облысында газдың бағасы литріне 85-90 теңгеге дейін төмендейді. Жанармай құю бекеттеріне қатысты баға келісімі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Жаңаөзендегі жағдай бойынша шаралар қабылдайды.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар пакетін іске асыратын болады. ЖМҚС иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағалық сөз байласу мәніне тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының ЖМҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120-дан 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және баға дәліздерін белгілеу жолымен газ бағасының алыпсатарлық секірулеріне жол бермеу жөніндегі жүйелі шаралар іске асырылатын болады.
Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты болған оқиғаларды құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды», – делінген хабарламада.