Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті орнынан түсіру туралы Жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің міндетін атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа уақытша жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырсын», — делінген Жарлықта.