Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары қайтыс болды

Алматыда Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Танат Назанов қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Танат Назанов инфарктан қайтыс болған.

«Ол жұмыс орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.

Ведомство Танат Назановтың өмір бойы жедел бөлімшелерде жұмыс істегенін атап өтті. Бұған дейін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын басқарған.

Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов көз жұмғаны хабарланды. Кейбір БАҚ ақпаратынша, генерал өз-өзіне қол жұмсаған.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Азамат Ибраев өлі табылды. ҰҚК мәліметінше, оның денесі үйінің ауласынан табылған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөзі: sputnik.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-23
Утром13.05 ℃
Днем18.88 ℃
Вечером20.88 ℃
Ночью15.94 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.88 м/с
2025-06-24
Утром16.02 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером23.89 ℃
Ночью19.6 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.66 м/с