Қазақстандағы жағдай тұрақтанды және бақылауда – ҰҚК

Террористік қауіп-қатер ошақтары залалсыздандырылды.

ФОТО ОЛЬГА ЛОГИНОВА

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстандағы жағдайдың тұрақтануы және республикалық және өңірлік жедел штабтардың позицияларындағы террористік қауіп-қатер ошақтарын бейтараптандыру туралы хабарлады.

«10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы жағдай тұрақтанды және бақылауда тұр. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық және өңірлік жедел штабтар позициясынан террористік қауіп ошақтары залалсыздандырылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомствода осы уақытқа дейін террористер басып алған барлық әкімшілік объектілер Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларында босатылғанын сендірді. Сондай-ақ аса маңызды стратегиялық объектілер мен қару-жарақ, оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың жасырынуы мүмкін жерлерді тазарту жалғасуда, қылмыстық әрекеттің іздерін анықтау және жинау жүзеге асырылуда.

ҰҚК азаматтарды террористік әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда құқық қорғау органдарына көмектесуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерін өз еркімен тапсыруға шақырды.

Дереккөзі: vlast.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром15.08 ℃
Днем20.61 ℃
Вечером22.81 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.77 м/с
2025-05-18
Утром14.81 ℃
Днем22.7 ℃
Вечером23.25 ℃
Ночью17.75 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.09 м/с