ІІМ-де Жамбыл облысы полиция бастығының қайтыс болу фактісі расталды
Ведомствода мән-жайлар анықталуда.

ІІМ-де Жамбыл облысы полиция бастығының қайтыс болу фактісі расталды.
Ішкі істер министрлігінде Жамбыл облысының полиция бастығы, генерал Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны расталды.
Ведомство барлық мән-жайларды анықтап жатыр.
Бұған дейін тергеуші-журналист Михаил Козаков өзінің телеграмм-арнасында Сүлейменовтің өз-өзіне қол жұмсағанын жазған болатын.
Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаментін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін тағайындалды.
Дереккөзі: vlast.kz