Ақпарат министрлігі журналистердің ұсталуына байланысты түсініктеме берді

13 қаңтарда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі наразылықтан ақпарат таратқан журналистердің ұсталу фактілерін «мұқият қадағалап отырғанын» хабарлады.

Көрнекі сурет ашық көздерден.

«Қазіргі кезде құқық қорғау органдарымен бірге барлық ұстау фактілері тексеріліп, қаралып жатыр. Ұстау фактілерін анықтау кезінде негізінен қиындық тудырған мәселе –журналистердің айырым белгілерінің (жилет, таңғыш, жапсырма — ред.) болмауы, бұл оларға кәсіби міндетін атқаруына рұқсат беруде кедергі келтіргенін атап өту қажет» делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері кейбір ақпарат құрал өкілдерінің «бейбіт жиын туралы заңнамасын бұзғандықтан» ұсталғанын атап өтіп, олардың тікелей кәсіби міндетін атқармағанын алға тартады.

Қазақстанда қаңтар айындағы наразылықтар мен тәртіпсіздіктер кезінде түрлі өңірде полиция оқиғадан ақпарат таратқан журналистерді ұстап, кәсіби қызметіне кедергі келтірген. 5 қаңтарда Алматы мен астанада полиция Азаттықтың екі тілшісін күшпен ұстап, кейін босатты. Ұсталған журналистердің айтуынша, олар жилет киіп, қолдарына «Пресса» деген жазуы бар матаны таңып алған. Бірақ полиция соған қарамастан ұстап әкеткен. 12 қаңтарда Ақтөбеде полиция наразылықтан хабар таратқан Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсінді үш сағат тергеп, босатқан.

7 қаңтарда Орал соты митингіден ақпарат таратқан журналист Лұқпан Ахмедияровты 10 күнге қамады. Ақмола облысында әлеуметтік желіде «Тоқаев Путинге есеп берді…» деп жазба жазып, президентке сұрақтарын бағыттаған Kokshetau Asia сайтының редакторы Нұржан Баймулдин он күнге қамалды. Сот оны «төтенше жағдай кезінде тәртіптің бұзылуына ықпал ететін әрекет жасады» (478-бап) деп таныған.

Астанада наразылықтардан үздіксіз хабар таратқан журналист Махамбет Әбжанның туыстары тілшіні таба алмай отыр. Тілшімен 5 желтоқсаннан бері хабар үзілген.

Қазақстанда журналистер кәсіби міндетін атқару кезінде жиі кедергіге ұшырайды. Жергілікті және халықаралық баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстан билігін журналистердің еркін, қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырған.

12 қаңтарда Amnesty билікті бейбіт шеруге шыққан азаматтар мен оқиғадан ақпарат таратқан журналистерді қудаламауға шақырған.

Дереккөзі: azattyq

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с