БҚО-да блокпосттар қалды

Батыс Қазақстан облысында 13 қаңтарда таңғы сағат 7-ден бастап ТЖ режимі алынып тасталды. Дегенмен, өңірде блокпосттардың жұмысы сақталуда. Полиция департаменті жұмысты жалғастыратындарын хабарлады.

– Мұндай шешім құқық қорғау органдарының экстремистік және террористік әрекеттерді ұйымдастырушыларды анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізуіне байланысты қабылданды. Біздің міндетіміз – бұл адамдардың облыс аумағына кіруіне жол бермеу, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

БҚО-да шағын және орта бизнестің барлық субъектілерінің жұмысы қалпына келтірілді, банктердің барлық филиалдары ашылды, сауда орталықтары мен базарлар жұмысын қайта бастады, жер үсті және әуе қатынасы жолдары ашылды.

Жеке және заңды тұлғалардан уақытша алынған қаруды қайтару жүргізіледі. Инкассаторлық қызметтердің полицеймен бірге жүруі алынып тасталды.

– ТЖ кезінде полиция бөлімдеріне 903 адам жеткізілді, 91 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды( қамауға алу – 10, ескерту-62, 19 материал сотта қаралуда), ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 6 құқық бұзушы тартылды», – деп атап өтті полицияда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-9.01 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с