Solva төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер мен азаматтарды қолдайды

Соңғы күндердегі оқиғалар қазақстандықтар үшін ауыр сынақ және үлкен трагедияға айналды. Solva компаниясы (IDF Eurasia тобы) халық пен бизнесті қолдау үшін осы күндері мерзімі өткен қарыздарға өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеуді тоқтатты және көмек ретінде бизнес үшін арнайы кейінге қалдыруларды ұсынады. Қолдау шаралары туралы Solva бас директоры Анна Максимова айтып берді.

– 5 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай (ТЖ) режимі енгізілді. Сонымен қатар, көптеген қазақстандықтар бірнеше күн бойы іс жүзінде байланыссыз, интернетсіз, онлайн-төлем және тіпті қолма-қол ақша алу мүмкіндіктерінсіз қалды. Сондықтан, көпшілікті мазалайтын басты мәселе, азаматтар осы күндері өтей алмаған қарыздар бойынша өсімпұл есептеле ме?

Қалыптасқан жағдайда Solva командасы көмекке мұқтаж клиенттеріміз бен кәсіпкерлерімізді қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Көптеген қазақстандықтардың күрделі жағдайын ескере отырып, біз ТЖ барлық кезеңіне несиелер бойынша барлық өсімпұлдарды, айыппұлдарды, тұрақсыздық айыбын есептеуді тоқтатпадық.

Қазіргі уақытта Интернет және байланыс әлі де республика аумағында шектеулермен жұмыс істейтіндіктен, Solva сервистерінің жұмысында іркілістер байқалуы мүмкін. Дегенмен, біз жүйелерімізді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырудамыз және таяу арада жағдай тұрақтанады және қазақстандықтар біздің барлық қызметтерімізді қайтадан пайдалана алады деп сенеміз.

– Бұдан басқа, кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қосымша қолдау шаралары қарастырылған ба?

Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Өкінішке орай, пандемиядан қалпына келе бастаған бизнес үлкен шығындарға ұшырады. Кәсіпкерлерге көмектесу үшін, бизнесі толыққанды қызметті жүзеге асыра алмайтын немесе тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен клиенттерге төлемдерді бір айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Бизнесі қатты зардап шеккен немесе толығымен жойылған адамдарға іс жүзінде нөлден бастауға тура келетінін және алдымен міндеттемелерді орындау өте қиын болатынын түсінеміз. Сол үшін Solva командасы осы қайғылы күндерде қатты зардап шеккен кәсіпорындарды қалпына келтіру бойынша ерекше кредит беру бағдарламасын әзірледі. Кәсіпкерлер ақшаны қазірден ала алады және төлемді бірден 100 күнге дейін кейінге қалдыра алады.

Сондай – ақ, компания зардап шеккен бизнесті қолдау үшін құрылған «КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ-СИЛА В ЕДИНСТВЕ» қорына қаржылық қолдау көрсетеді. Қаражат комиссия шешімінен кейін Алматы қаласының, сондай-ақ объектілері тоналған және бұзылған басқа да өңірлердің кәсіпкерлеріне бөлінетін болады.

– Айтыңызшы, осы қызметтерді пайдалану үшін қайда жүгіну керек?

Жұмыс уақытында компанияның қолдау қызметіне мына нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 701 006 35 35 және қажетті деректерді беруге дайын болыңыз. Егер сіз Интернетке қол жеткізе алсаңыз, бізге электрондық пошта арқылы хат жаза аласыз: support@solva.kz.

Әрине, қазір біз қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз, алайда Solva командасының барлығы үздіктер қатарына қосылды. Біз өзімізге түскен барлық сынақтардан өте аламыз, одан да күшті боламыз және барлық клиенттерімізбен бірге гүлденген болашаққа сеніммен барамыз деп сенеміз.

«ОНЛАЙНКАЗФИНАНС » МҚҰ» ЖШС, № 02.21.0004 микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға Лицензия.М.01.03.2021 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен берілген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-06-30
Утром13.42 ℃
Днем19.2 ℃
Вечером21.88 ℃
Ночью16.73 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.22 м/с
2022-07-01
Утром14.36 ℃
Днем21.38 ℃
Вечером17.76 ℃
Ночью14.64 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.86 м/с