Маңғыстау тұрғындары Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады

Маңғыстау облысының тұрғындары қуғын-сүргін туралы хабарларға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.

– Біздер, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының азаматтары 2-8 қаңтар аралығында өткен бейбіт шеруге қатысқан азаматтарды заңсыз қудаламауыңызды сұраймыз. Әлеуметтік желілерден естіп жатырмыз.

Заңсыз үйге кіріп, ұрып-соғып, алып кетіп, жасамаған заттарын «жасадын деп, мойында деп» ұрып жатқан жағдайларды көрдік. Сондай жағдайды болдырмауыңызды сұраймыз. Бейбіт шеруге қатысқан азаматтардың ешқайсысы жазықсыз қудаланбасын, – деп мәлімдеді маңғыстаулықтар жұма күні өздерінің бейне үндеуінде.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтар күні жетекші құқық қорғаушылар Тоқаевты қуғын-сүргінді тоқтату үшін шаралар қабылдауға шақырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысына танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы да осындай үндеумен жүгінді. Ол президенттің уәделері тазарту мен құғын-сүргін ұйымдастыру арқылы диверсия жасайтынын мәлімдеді.

14 қаңтар күні кешке Тоқаев бас прокуратураға ұсталғандардың кінәсінің дәрежесін анықтап, «жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдауға» тапсырды.

Дереккөзі: orda.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем25.5 ℃
Вечером23.2 ℃
Ночью17.92 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра5.17 м/с
2026-06-14
Утром17.42 ℃
Днем23.88 ℃
Вечером19.91 ℃
Ночью19.55 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра4.79 м/с