Алматыда баласын емізіп отырған әйел оққа ұшты

Алматыдағы бүлік кезінде көлікте бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиіп, көз жұмды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Гүлмира Әбіқай жазды.

Фото: ulysmedia.kz

Оның айтуынша, балалар омбудсмені бұл оқиғадан хабарсыз.

«Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтарда қызуы көтеріліп, мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы», – деп жазды ол.

Журналистің сөзінше, есі шығып кеткен отағасы сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барады. Олар түсінбей, абдырап , бірінші кезекте жедел жәрдем шақырған, бірақ ол келмеді.

«Жарын өздігінен 4-ші ауруханаға апарғанда, дәрігерлер оқ басын тесіп, ми ішінде қалғанын, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін айтқан», – дейді ол.

Марқұм әйел Жамбыл облысына апарып жерленген.

«Бұл өлімнен ресми билік, балалар омбудсмені хабарсыз. Отбасына көңіл айтып келген ешкім жоқ. Кеше отағасының шақыруымен үйлеріне мен бардым. 4 баланың үлкені 7-де, 4-те, 2-де, кішісі енді еңбектеп жүр. Қала шетіндегі жалдамалы времянка. Сұлтан құжатпен жүгіріп жүр, Нұрым емшектен шығып, ешкінің сүтіне көшуде, қыз бақшадан қалды, ертең мектеп… жағдай қиын», – деп жазды журналист.

Айтуынша, отбасы осы айдың балаларға арналған 76 мың теңге жәрдемақысын да ала алмады.

Журналист халық болып отбасыға материалдық көмек көрсетуге үндеді.

Осының алдында ғана бір отбасының комендаттық сағат кезінде қаза болғаны жазылған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-20
Утром12.13 ℃
Днем22.12 ℃
Вечером20.31 ℃
Ночью15.53 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.64 м/с
2024-09-21
Утром10.14 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером20.44 ℃
Ночью15.72 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.45 м/с