Қазақстандықтар шетелге жиі ақша жібере бастады

Қазақстандықтар 2021 жылы 11 айда шетелге 921,3 миллиард теңге аударды, — деп хабарлайды Ranking.kz сайты.

Қазақстан экономикасын бақылау жөніндегі жоба деректері бойынша, қаңтардан қарашаға дейінгі кезеңде қазақстандықтардың шетелден алған қаражат көлемі өзгермеген және 256,2 миллиард теңге болған. Бұл 2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,8 пайызға аз.

«2021 жылы қаңтар-қарашада жеке тұлғалардың шетелге жіберген ақша аударымдары 921,3 миллиард теңге болды. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға артық», — делінген хабарламада.

Шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражат көлемі арасындағы айырмашылық бір жыл ішінде Қазақстаннан жіберілген аударымдар пайдасына 2,8 еседен 3,6 есеге дейін өсті.

«Елден жіберілген ақша аударымдарының көлемі бойынша 2021 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін Өзбекстан (278,5 миллиард теңге), Түркия (189,2 миллиард теңге) және Ресей (162,1 миллиард теңге) көш бастап тұр, оларға жалпы көлемнің үштен екіден астамы тиесілі», — делінген Ranking.kz хабарламасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с