БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің өкімімен оның орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды. Аймақ басшысының баспасөз қызметі мемлекеттік қызметшіге жұмысы үшін алғыс айтып, кәсіби табыс тіледі.

«ОА»  мұрағатынан.

«Мемлекеттік қызметке сәйкес келмейтін жұмыс жағдайларына байланысты Батыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алпысбаев Аманжол Әлиханұлы «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 59-бабының 4 және 5 – тармақтары негізінде әкімнің өкімімен қызметінен босатылды»,-деп хабарлады БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ведомствода Аманжол Алпысбаев 2019 жылдың шілде айынан бастап қызмет атқарғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол өзін кәсіби маман ретінде көрсетті.

«Аманжол Алпысбаев сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТКШ саласындағы стратегиялық жоспарлау мәселелеріне, сондай-ақ тарифтік саясат, МЖӘ дамыту, мемлекеттік сатып алу, табиғат пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мәселелеріне жетекшілік етті. Ол ел Президентінің шығыстарды оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және т. б. қатысты тапсырмаларын орындау бойынша өңір үшін үлкен жұмыс жүргізді. Алпысбаев Мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеу кезінде тікелей талдаумен және бюджет қаражатын үнемдеу мен барынша тиімді жұмсаудың өзге де мәселелерімен айналысты», – деп хабарлады БҚО әкімдігі.

Еске сала кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті Аманжол Алпысбаевты қызметінен босатуды ұсынған болатын. Ведомствода шенеунік «Самұрық Гидро»ЖШС басшысы бола отырып, заңды бұзғанын хабарлады. Бірақ әкімнің орынбасары мұндай серіктестіктің бар екенін білмейтініне сендіре отырып, бұл дәлелдермен келіспеді. Ол ұсыныстарды заңсыз деп тануды талап етіп, әкімшілік сотқа төрт рет шағым түсірді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-20
Утром12.13 ℃
Днем22.12 ℃
Вечером20.31 ℃
Ночью15.53 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.64 м/с
2024-09-21
Утром10.14 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером20.44 ℃
Ночью15.72 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.45 м/с