Учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдеген үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген — А. Ғиният

Учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдегені үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Амбулаториялық науқастардың санының өскенін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылдауда», – деді ол.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта еліміз бойынша 3 054 мобильді дәрігерлік бригада жұмыс істейді, резервте 1 622 бригада бар. КВИ-мен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері кеңінен тартылуда.

Шұғыл медициналық көмекті 1 486 жедел медициналық жәрдем бригадасы көрсетеді, резервте 150-і жасақталған.

Қазір КВИ кезінде медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған. Резервте 4 556 медициналық қызметкер бар, оның 1217-і – дәрігер.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында мобильді бригадалардың қайта шығуын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді ашуға қосымша ақы төлеу бойынша іс-шаралар қабылданды. Сондай-ақ, учаскелік медицина қызметкерлеріне КВИ ауруларын үйде емдеген үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген», – деді Ажар Ғиният.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 698 жағдай тіркеліп, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 071 130-ға жетті. Батыс Қазақстан облысында – 151 адамнан анықталып, 41 527 адамды құрады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-08
Утром14.89 ℃
Днем25.6 ℃
Вечером26.36 ℃
Ночью20.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с
2024-09-09
Утром16.56 ℃
Днем26.36 ℃
Вечером26.18 ℃
Ночью20.02 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.62 м/с