Кейбір мектептер дәстүрлі оқыту форматына 24 қаңтардан бастап көшіріледі

Қазақстанда бірқатар білім беру ұйымына офлайн оқытуға рұқсат етіледі, бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Кейінірек білім министрлігі кейбір мектептер дәстүрлі оқыту форматына 24 қаңтардан бастап көшірілетінін мәлім етті.

Көрнекі сурет.

ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:

мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініші бойынша («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда);

оқушы саны 600-ге дейін (қоса алғанда) жалпы білім беретін мектептерде;

оқушы саны 600-ден асатын жалпы білім беретін мектептерде – жобалық қуаттың 50%-нен аспайтын жүктемемен;

жалпы білім беретін мектептерде – бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптарды қоса алғанда);

мектептен тыс ұйымдарда – жеке сабақтар, топтық сабақтар – 15 адамға дейін,

мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында), ересектерде – жеке және топтық сабақтар – 8 адамға дейін;

колледждер мен жоғары оқу орындарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді график бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн.

Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзу оқиғалары анықталған кезде қолданылады.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал орташа есеппен 5,6 есе нашарлағанын атап өтті.

Науқастардың саны Қарағанды облысында 28 есе, Алматы облысында 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында 9-9,5 есе өскен.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 100 876-ға жетті. Батыс Қазақстан облысында – 376 адамнан анықталып, 42 343 адамға жеткен.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-20
Утром14.75 ℃
Днем26.13 ℃
Вечером20.37 ℃
Ночью16.71 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.5 м/с
2025-04-21
Утром13.66 ℃
Днем24.35 ℃
Вечером24.28 ℃
Ночью18.1 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.43 м/с