Қазақстан байлығының тең жартысы бар-жоғы 162 адамға тиесілі – Тоқаев

Президент халықаралық сарапшылардың дерегіне сүйеніп, халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын атап өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елдегі тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысына бар-жоғы 162 адам иелік етеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды немесе жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Тез арада жағдайды өзгерту керек және көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті кәсіпкерлер», – деп мәлімдеді ол.

Президенттің пікірінше, Қазақстандағы олигополия – бұл ел экономикасын әртараптандыруға емес, бір қолда бизнесті әртараптандыруға деген тұрақты ұмтылыс.

«Бір адам немесе компания өндіріп, өңдейді және банктерден қолдау көреді, ал қалғандары оны іліп әкетеді… Бизнесті монополиялау – жақсы емес. Бұл қоғамдық депрессияға, елге сенімсіздікке әкеліп соқтырады. Халықтың көкейінде неліктен бизнестің барлық түрі бір қолда деген сұрақ бар. Гегелді Бабелмен шатастыратындар бар, арнайы білімі жоқ, бірақ олардың қолында орасан зор бизнес бар. Арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздері мен ресурстарына қол жеткізе алмайды», – деді Тоқаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-15
Утром20.33 ℃
Днем30.46 ℃
Вечером29.4 ℃
Ночью24.16 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.56 м/с
2024-07-16
Утром18.79 ℃
Днем28.54 ℃
Вечером26.01 ℃
Ночью21.5 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.65 м/с