«Аманат» комиссиясын адвокат Абзал Құспан басқарады

Бүлік кезінде ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отырған азаматтардың құқығының бұзылмауын арнайы комиссия бақылайды. «Аманат» комиссиясын адвокат Абзал Құспан басқарады. Оның өзі де бірнеше күн изоляторда отырып шыққан еді.

Ашық көздерден.

«Өткен жұма мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қабылдауында болдым. Бірінші кезекте менің адвокаттар қауымдастығы атынан қол ұсынып отырғанымызды түсінуіміз керек. Өйткені, қазір өңірлерден көптеген белсенді осы іске араласқысы келетінін, комиссия құрамына кіргісі келетінін білдіріп жатыр. Біріншіден, барлығын бірдей алу мүмкін емес. Екіншіден, біз ішкі істер министрлігіне қарасты ведомстволардағы қылмыстық істер бойынша жазықсыз азаматтарды жылдамырақ босатуға тырысудамыз», – деп түсіндірді Абзал Құспан.

Адвокат Алматы қаласындағы прокуратура органдарының сенім телефонын хабарлады. Ол: +7 708 900 99 99. Көптеген адамның осы сенім телефонына хабарласудан қорқатынын жасырмады.

«Прокуратура арыз-шағым беруді сұрағанда, азаматтардың келуге қорқатынын айтады. Жоқ, қорықпаңыздар. Дәл осы сенім телефондарын біз де бақылауда ұстаймыз. Яғни прокуратура органдары ғана емес, комиссия мүшелері де осы түскен арыз-шағымдарды өндірісімізге аламыз», – деп сендірді адвокат.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с