Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан: Жарықтың өшуіне кім кінәлі?

25 қаңтар күні Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның бірқатар қалаларында жарық өшіп қалды. Алматы, Шымкент және Қазақстанның оңтүстігіндегі басқа да қалаларда электр жүйесінде ауытқулар пайда болды.

Алматы қаласындағы жарықтың өшуі қаланың біраз жерінде болғаны айтылып жатыр. Өзбекстанның Ташкент қаласындағы су жүйесі де істен шыққан, сонымен қатар бағдаршамдар мен метрода жұмысын тоқтатқан. Қырғызстанның Нарын, Бішкек, Ош, Ыстықкөл аудандарында жарық өшкен.

Алматы қаласының әкімдігі жарықтың неге өшкені туралы ақпарат таратты. Ведомства мәліметіне сәйкес, желідегі кернеудің төмендеуіне байланысты қала тұрғындары электр қуатынан айырылған.

25 қаңтарда сағат 12.00-де алматылықтар қаланың барлық аудандарында электр қуаты өшірілгені туралы хабарлай бастады.

«Жарықты өшіру KEGOC желісі бойынша болды. Желідегі кернеу төмендеген, АЖК (Алатау Жарық Компаниясы) қосалқы стансаларында АЖТ (Автоматты жиіліктік түсіру) жүйелері іске қосылды. Қайта қосу жұмыстары басталды» деп хабарлады әкімдіктегілер.

Қазақстан мен Өзбекстанның энергетика министрліктері бір-бірін айыптады

Қазақстанның энергетика министрлігі Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері жасаған авариялық теңгерімсіздікке байланысты елдегі электр энергиясы өшірілгенін мәлімдеді. Ал Өзбекстанның энергетика министрлігі өз кезегінде Қазақстандағы электр энергиясының үзілуіне байланысты елдегі электр қуаты өшірілгенін айтты.

Қырғызстан да өз кезегінде жарықтың өшуі Орталық Азия елдерінен келетін электр жүйелерінде болған апаттан екенін айтты.

Автоматты жиіліктік түсіру (АЖТ) — жиілік көшкінінің пайда болуын болдырмау және осы жүйенің тұтастығын сақтау жолымен электр энергетикалық жүйе жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған аварияға қарсы автоматика әдістерінің бірі. Бұл әдіс жүйеде белсенді қуаттың кенеттен жетіспеушілігімен ең маңызды электр тұтынушыларын өшіруден тұрады.

Дереккөзі: orda.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-19
Утром8.35 ℃
Днем20.01 ℃
Вечером21.54 ℃
Ночью14.55 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.27 м/с
2024-09-20
Утром12.13 ℃
Днем19.86 ℃
Вечером17.23 ℃
Ночью16.21 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.8 м/с