Қазақстанда карантин жеңілдеді. Қандай нысандар шектеусіз жұмыс істейді?

Қазақстанда «омикрон» штамының таралуына қарамастан, бизнес үшін карантин жеңілдетіліп жатыр. Денсаулық министрі Ажар Ғиният пандемияның бүкіл кезеңінде отандық бизнеске мұндай ауқымды жеңілдік жасалмағанын мәлімдеді.

«Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық саласында карантиндік шаралардың мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ. Бұл белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмдерін орындау жолында бизнестің ерекше жауапкершілігі мен адалдығына сенім артады», – деді Ғиният үкімет отырысында.

Министр егер денсаулық сақтау саласына жүктеме артып, өлім-жітім артса, қосымша шектеу шаралары енгізілетінін ескертті.

Бизнеске қандай жеңілдіктер жасалды

Бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғасады.

«Жасыл» және «көк» статусы бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық нысанда жұмыс уақыты бойынша шектеу алынып тасталды.

Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан, «Ashyq»-та тек «жасыл» мәртебесін пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар еш шектеусіз өткізіледі. Спорт кешендері, сауықтыру және діни объектілер, ойын-сауық нысандары, сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды.

Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» бөлімшелеріне, банктерге, асхана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі.

«Көк» статусы бар адамдарға кіруге рұқсат берілген бірқатар объекті үшін:

– «жасыл» аймақта шектеулер алынып тасталады;

– мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін ойын және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық «сары» аймақта – 70%-ке дейін, «қызыл» аймақта – 60%-ке ұлғайтылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-21
Утром5.07 ℃
Днем9.25 ℃
Вечером10.99 ℃
Ночью6.42 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.67 м/с
2022-05-22
Утром4.82 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером8.45 ℃
Ночью7.98 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.49 м/с