БҚО үшін өңір экономикасын дамыту бағдарламасына республика бюджетінен қаржыландыру ұлғайтылады

Қаңтар айының басында Батыс өңірлерде басталған жаппай наразылық акцияларынан кейін Тоқаев өңірлік дамудағы теңгерімсіздік туралы мәлімдеді. «Диспропорция әлеуметтік жайсыздыққа, көші-қон көңіл-күйінің өсуіне алғышарттар жасайды. Үкіметке осы өңірлер үшін «Ауыл – Ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» және басқа да бағдарламалар шеңберінде жекелеген бағыттар әзірлеуді тапсырамын» — деді Мемлекет басшысы Үкімет алдында сөйлеген сөзінде.

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев Үкімет отырысында өңірдің проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған облысты дамытудың жаңа кешенді жоспарын таныстырды. Онда 116 іс-шара бар, қаржыландыру көлемі 2.6 трлн. теңге. Олардың басым бөлігі (2.2 трлн. теңге) 29 ірі инвестициялық жобаны іске асыру арқылы экономиканы дамытуға есептелген.

Билік БҚО-да индустриялық аймақтың құрылысы туралы 2013 жылы айта бастады.

Батыс Қазақстан облысын дамытудың жаңа кешенді жоспары мыналарды қамтиды:

өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында индустриялық аймақ құру, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салу жоспарланған;

ауыл шаруашылығы саласында 2 жылыжай, 25 бордақылау алаңы, 10 сүт-тауар фермасын салу, 4 шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру, суармалы жерлер алаңын 6,6 мыңнан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту және Киров су қоймасын реконструкциялау көзделген;

коммуналдық шаруашылықта сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 1211 километрін, жылумен жабдықтау желілерінің 46,2 километрін және электр желілерінің 2051 километрін салу және реконструкциялау, «Ростоши — Тайпақ» газ құбырының 29,7 километрін реконструкциялау, сондай-ақ Орал қаласында автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жоспарлануда;

1842 шақырым автожолға жөндеу және қайта жаңарту, Орал қаласының халықаралық әуежайын жаңғырту жүргізіледі;

емхана, кардиологиялық орталық, 74 мектеп, студенттерге арналған 650 орындық жатақхана және 150 төсек-орындық оңалту орталығы салынады. Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету үшін 3 өрт сөндіру депосының құрылысы, Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары қарастырылған;

Батыс Қазақстан облысының кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 55 пайызға және ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56 пайызға өсуі тиіс, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 100 пайызға жетеді, ал электр желілерінің тозуы 80 пайыздан 50 пайызға дейін қысқарады.

ӘРІ ҚАРАЙ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: БҚО билігі бір ғана әлеуетті инвестормен 14 млрд теңгенің индустриалды аймағын салмақшы

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

7 + 17 =

x
2023-06-03
Утром16.8 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером26.58 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.99 м/с
2023-06-04
Утром19.57 ℃
Днем29.04 ℃
Вечером26.5 ℃
Ночью20.15 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра8.15 м/с