50 пайызын мемлекет төлейді: Министрлік тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, атаулы тұрғын үй көмегін берудің қағидалары мынадай: 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын көмек алушы төлейді.

Жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы ең төмен, күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады. Бүгінде елімізде мұндай 70 мың адам бар.

«Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде «Отбасы банкін» анықтау ұсынылды», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, өтініш берушілерге келесідей негізгі талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;

отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;

тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы;

Сонымен қатар, бұл бағдарламаға бюджеттен 50 млрд теңге қажет екені атап өтілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-21
Утром5.07 ℃
Днем9.25 ℃
Вечером10.84 ℃
Ночью7.56 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.67 м/с
2022-05-22
Утром4.82 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером8.45 ℃
Ночью7.98 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.49 м/с