Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті бойынша парламенттік тыңдау өткізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін оның нәтижесін халыққа жеткізу үшін парламенттік тыңдау өткізу қажет екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің ғимараты.

«Мақсаты үшін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар ең қасиетті нәрсе — Тәуелсіздігімізді құрбандыққа шала жаздады. Мемлекет сақталды, бірақ қаншама адамның өмірі қиылды. Алматыдан бастап көп қалада бейбіт шерушілерді арнайы дайындалған топтар пайдаланып, заңды шеру қанды шеруге ұласты. 227 адам қаза тауып, 4,5 мыңнан астам адам жарақат алды.

Қасиетті қазақ тарихында қара із қалдырған қанды қасірет қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар, олардың басшылары, орындаушылар бәрі анықталып, жауапқа тартылуы керек», — деді депутат бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жолдаған сауалында.

Ол қылмыс жасағандар ғана жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты.

«Көп адам, әсіресе жазықсыз жастар ереуіл кезінде бейбіт шеруге шыққаны үшін тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталатыны туралы нақты мәлімет бар. (…) Жазықсыз адамдарды азаптауды нағыз арандатушылық, мемлекетке, Президент саясатына қарсы арам пиғыл деп қабылдаймыз. Өйткені ол әр істі әділ қарау міндетін қойып отыр», — деді депутат.

Оның айтуынша, әркімнің әрекетіне әділ баға беру үшін лаңкестер мен экстремистерді, қарақшылар мен бандиттерді, бейбіт митингіге шыққандарды бөлек қарастыру қажет.

Фото ©REUTERS

«Түрлі мәліметке қарағанда, қазір қылмыскерлермен қатар жазықсыздарды да ұрып-соғып жатыр. (…) Тергеу әділ әрі ашық болуын талап етеміз. Заңсыздықты ауыздықтауға тек халық бақылауының қосар үлесі зор.

Біздің ұсыныстарымыз:

мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген адамдар толық анықталып, жауапқа тартылуы тиіс;

тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін оның нәтижесі туралы халықты хабардар ету мақсатында парламенттік тыңдаулар өткізу;

шабуыл жасаған қарақшылар мен бейбіт шерушілерді бөлек қарастыру қажет;

тергеу заң бойынша қатаң жүргізілу керек, азаптауды тоқтатып, адвокаттарға жол ашу керек;

жараланғандарды ауруханаға жатқызу қажет», — деді депутат.

Ол адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және бейтарап ашық тергеу мақсатында комиссия құрып, Парламент және жергілікті мәслихаттар депутаттарын, Саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдерін қосу қажет екенін айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-15
Утром18.02 ℃
Днем26.45 ℃
Вечером23.63 ℃
Ночью22.48 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.1 м/с
2026-07-16
Утром19.35 ℃
Днем28.59 ℃
Вечером26.44 ℃
Ночью21.81 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.97 м/с