Бір топ белсенді «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығын құратындарын мәлімдеді

Еліміздегі кәсіпкер, заңгер, және саяси белсенділер қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендерге көмектесетін «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығын құратындарын мәлімдеді.

Ашық көздерден.

Белсенділер қаңтар оқиғасындағы істің ақиқаты анықталмайынша, осы оқиғалардың жазықсыз құрбандарына көмек көрсетілмейінше, тарихымыздың осынау қасіретті бетін жылы жауып қоя алмаймыз, деп отыр.

«Біз бейбіт шерулерге қатысып, заң аясында өз наразылықтарын білдіргендерді және осы мүмкіндікті пайдаланып, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыстарға барғандарды нақты ажыратып қараймыз. Ондай қылмыскерлерді табу – құқық қорғау органдарының міндеті, ал, біз оларға қол ұшын беруге дайынбыз»,-делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ олар бейбіт шерушілерге, қылмыскерлердің қолынан және құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да адамдарға көмектесетіндерін жеткізді.

«Біз Қазақстанның барлық аймақтарында қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендерге көмектесетін «Қаңтар» құқықтық қолдау орталығын құрудамыз. Бұл Орталық мынандай қызметтерді атқарады: азаматтар мен кез-келген қоғамдық ұйымдардан келіп түскен қаңтар оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер туралы ақпаратты жүйелеуге септеседі, қаза болғандардың туыстарына, бейбіт наразылық шерулеріне қатысқаны үшін қудалау нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғандарға, азаптау мен басқа да адам құқықтарын бұзу салдарынан зардап шеккендерге білікті заңгерлік көмек беру шарасын ұйымдастыруға септеседі», делінген мәлімдемеде.

Біз қоғамдық ұйымдарды, қорғаушыларды, тергеуші-журналистер мен құқық қорғаушыларды, осы мәселеге алаңдаушылық білдіретін барша азаматтарды бірлесіп әрекеттесуге шақырамыз.

Орталық іс-қызметінің нәтижелері мен оның қаржылық есебі жұртшылық назарына ашық ұсынылады. Сондай ақпаратқа жедел қол жеткізу мақсатында жеке электронды ресурс құрылады. Байланыс телефондары: +7-777-036-9222; +7-777-036-9555.

Аталған белсенділер тобының құрамында Ораз Жандосов, Арманжан Байтасов, Ауржан Саин, Райымбек Баталов, Евгений Жовтис, Еркін Тәтішев, Бахытжан Төрегожина сынды елге танымал азаматтар бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром9.52 ℃
Днем13.9 ℃
Вечером13.34 ℃
Ночью9.41 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.42 м/с
2022-05-21
Утром4.93 ℃
Днем11.58 ℃
Вечером10.05 ℃
Ночью5.98 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра8.78 м/с